Светлана Давыдова – суға жүзу спортынан жоғары санатты жаттықтырушы

Дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, әнұранын шырқататын Халықаралық, әлемдік деңгейдегі спортшылардың «ұстаханасы» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) екені белгілі. Сондай мектептердің бірі №1 Рудный қаласының БЖСМ-і десек, Светлана Давыдова осы шаңырақта 2004 жылдан бері балаларды суға спортына үйретіп келеді.

Алматы қаласының денешынықтыру және спорт институтын 1990 жылы тәмамдағасын ол еңбек жолын Қостанай қаласындағы Олимпиада резервін дайындайтын облыстық спорт мектебінде суға жүзуден бапкер қызметінен бастайды. Араға төрт жыл салып Рудный қаласындағы «Дельфин» бассейніне ауысады. №1 БЖСМ-ға қызметке келгенше Светлана осы бассейнде жүзушілерді жаттықтырған. Соңғы он үш жылда ол суға жүзуден Қазақстанның 5 спорт шеберін, 15 спорт шеберлігіне үміткер, ҚР жасөспірімдер құрамасының 8 мүшесін, жастар құрамасының 5 мүшесін, ересектер құрамасының 2 мүшесін, сондай-ақ, Қазақстан Кубогінің және бірнеше дүркін Қазақстан чемпиондарын және оқушылар спартакиадасының абсолютті чемпионын тәрбиелеп шығарған. Ол ұзақ жылғы әрі жемісті еңбегі үшін ҚР Жүзу спорты Федерациясының және Рудный қаласы әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.