Головина Светлана Алексеевна 1989-1990 жылдары Қарағанды облысы Молодежный кентінің №3 орта мектебінің Педагогикалық сыныбында балабақша тәрбиешісі мамандығы бойынша оқыған. Еңбек жолын 1990 жылы Ақбұлақ ауылының №28 ОМ пионер тәлімгері қызметінде бастаған, 1992 жылы осы мектепте бастауыш сыныптарының мұғалімі, 2000-2005 ж тарих мамандығы бойынша Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 2013 жылдан бастап «Молодежный кентінің №26 орта мектебінің базасындағы тірек мектебі (ресурстық орталығы) КММ тарих мұғалімі болып жұмыс істейді. 2014 жылдан бастап осы күнге дейін  директордың ТЖ орынбасары.   

Светлана Алексеевна – тәжірибелі педагог, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты мұғаліміне қойылатын талаптарға сай келеді. Оның жұмысы білім берудің заманауи қазақстандық моделі талаптарына сай келеді және оқушыларды әлеуметтендіруге, оқушылардың бастаушы құзыреттілігін дамытуға, пән бойынша білім сапасының нәтижесіне бағытталған.Жоғары шеберлік, оқыту мен тәрбиелеудің казіргі заманғы әдіс-тәсілдерін, оқушылардың психологиясын білуі, сабаққа тиянақты дайындалуы оқытумен тәрбиелеуді біріктіруге ықпал етеді. Жоғары мәдениетті, альтернативті педагогикалық технологияларын білетін жеке жұмыс стилі бар және оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытуда жоғары көрсеткіш деңгейіне жететін педагог.  «12 жылдық білім беруге көшуде мектепте жаңа технологияларды қолдану және ақпараттандырудың негізгі қағидалары» атты облыстық семинарда оқушылардың зерттеу жұмысы тәжірибесімен бөлісті. Мектеп педагогтері оның «Сын тұрғысынан ойлау» модулі аясында «Оқушылардың талдамалы біліктерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша тәжірибесін қолданады. «Оқушылардың талдамалы қабілеттіліктерін қалыптастыру» коучингтердің әдістемелік құралын, «Құқықтану» қолдаңбалы курсын, «Ежелгі өркениет ғажайыптары» факультативті курсын өңдеп шығарды. 2015ж «Қазақ хандығына 550 жыл» облыс жинағында «Қазақ хандығының біртуар тұлғалары» атты мақаласы жарияланды және де «Ізденіс» №10(56) газетінің тілшісіне 28.05.2015ж сұхбат беріп 12.05.2015ж толық мәжіліске қатысты. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Үздіксіз кәсіби дамудың түрткісі» атты эссе жинағының 2 томында 2015ж. «Заманауи білім беру жүйесінде педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты мақаласын жариялады. 2015ж Облыстық «Шуақты жаз» сайысының жүлдегері атанды (ІІ дәрежелі диплом) Ізденіс №15(61).  2012ж – АББД және СБ мадақтамасы, 2012ж. –  облыс Департаментінің мадақтамасы; 2014ж. –  «Ерекшеліктер әлемі» алғыс хат; 2015ж. – «Орта мектепте тарих пәнін оқытудың инновацияық әдістері» атты коучинг өткізгені үшін «Өрлеу» БАҰО алғыс хатымен марапатталды.