Светлана Вламидировна – «Глория» хореографиялық ансамблінің жетекшісі.

1969 жылы дүниеге келген  Светлана Вламидировна 2006 жылдан  бастап Теміртау мәдениет сарайында жұмыс жасайды. 1999 жылы құрылған «Глория» хореографиялық ансамблі Астана, Алматы, Сочи, Адлер, Мәскеу қалаларында өткен халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты. Светлана Вламидировна жұмысына деген күшті ынта-жігерінің арқасында қысқа мерзім ішінде жоғары нәтижелер көрсетті.

2002 жылы Мәдениет комитеті педагогикалық және ұйымдастыру қызметін жүргізуге, хореографиялық ұжымдарды ұйымдастыру және жетекшілік қызметті жүзеге асыруға куәлік берілді.

2014 жылы 29 сәуір Қарағанды қаласында Кеншілер сарайында Қарағанды қаласының 80 жылдығына және Халықаралық би күніне арнлаған «Звездная радуга Сарыарки» VII облыстық би фестивалі өтті. Ансамбль «Современный танец»  10-13 жас аралық категориялық номинациясы бойынша  III орынды иеленді.

«Жас таланттар» XI республикалық конкурстың 1-орын иегерлері.

Қырғыз елінде өткен екі күндік  «На волне Иссык-куля» конкурсында үздік болып танылды.

Сочи қаласында 2017 жылы өткен  «Планета искусств» Х халықаралық форум және фестиваль-конкурсында ересектер тобы 3 гран-при және кішкентайлар тобы  1- орынды жеңіп алды. Ансамбль қазылардан «Кубок неиссякаемого творчества» мадақтама қағазын алды. Жетекшісі, Светлана Вламидировна қойылған бидің шеберлігі және жоғары көркемдік деңгейі үшін «Маэстро танца» сертификатымен марапатталды.