Талдыбек Мадибеков – өзі туып-өскен өлкенің көркеюіне барынша үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, ауылдық кеңес құрып, жерлестерінің әлеуметтік және коммуналдық мәселелерін көппен бірге шешіп жүрген азамат.

Тассай тұрғын алабының ауыл биі, ауыл ақсақалдарымен бірлесіп, сол аймақтағы әлеуметтік және коммуналдық маңызды мәселелерді шешу жұмысымен айналысады. Қаратау ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталған. Сондай-ақ, сол аумақта шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Тұрғындар арасында да абыройлы азамат.