Талғат Айтбаев – кәсіпкер, мецанат. Туған өлкесінің гүлденуіне зор үлес қосып жүрген азаматтардың бірі. Тіпті республикалық деңгейде халықаралық маңызыв бар автомобиль жолдарының құрылысына қаржы құйып, шалғай өңірлерді жалғайтын жолдар салуға үлес қосқан. Жыл сайын аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмектесіп тұратын жүрегі кең азамат.

Айтбаев Талғат Ергенұлы 7 ақпанда 1966 жылы дүниеге келген.

Республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысына үлес қосқан. 2001 жылы ОҚО Киров ауданы, Қызыл Әскер ауылында көпір құрылысы, 2003 жылы Астана-Қарағанды автожолының құрылысы,  2004 жылы БК «Transstroi» ресейлік компаниясымен бірлесіп, Қостанай облысының шалғай аудандарда жол төсеуге атсалысты. Ал, 2005 жылы Ақтөбе облысының Хобда ауылында  жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 2010 және 2011 жылы Еуропа-Батыс Қытай автомобиль жолдары құрылысын  ОҚО аумағында жүргізген.

Талғат Ергенұлы 2001 және 2002 жылдары 1000-нан астам балаға демеушілік көрсетіп, Машат шатқалындағы «Орленок» демалыс орнына тегін жіберді.  Жыл сайын, аз қамтылған отбасыларға  қаржылық көмек бөліп,  мектеп киімі және аяқ киім, портфельдер мен мектеп керек-жарақтары беріледі. Сондай-ақ, жылдар бойы Айтбаев Талғат ардагерлерді назардан тыс қалдырмайды. Жеңіс күні ардагерлер ақшалай сыйақы, материалдық көмек, тұрғын үй жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын секілді көмекке ие. Сарыағаш аудандық киелі кешенін салу үшін алғаш болып қаржыландырған болатын. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірнеше рет мақтау қағаздарымен  марапатталды, Қазақстан мен Қырғызстан халықтары арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосты. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Құрметті көлік қызметкері», сондай-ақ естелік медальдармен марапатталды.