Қазіргі жастардың бойына әскери-патриоттық рухты оятып, Отанына деген сүйіспеншілікті дарытынп, борышын орындауға түрткі болып жүрген азаматтарды ерекше атап өту қажет сияқты. Мұндай өнегелі жандардың бірі - Талғат Ерімбетов.

Талғат Ерімбетов - Балқаш қаласы №8 орта мектепте бастапқы әскери дайындық жетекшісі. Жасөспірімдерге әскери-патриоттық тәрбие беріп, жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Оның еңбексүйгіштігі мен тәжірибелі жұмыстарының арқасында  №8 орта мектеп кадеттері қалалық, облыстық байқауларда жүлделі орындар алып жүр. 

Жыл сайын оның шәкірттері "Ең үздік кадет сыныбы" байқауына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып жүр. 

Талғат Егізбайұлы жастар өз Отанының шынайы патриоттары болып өсуі үшін барын салуда. Ол 2012 жылы "Дарынды оқушыларға- талантты ұстаз" қалалық олимпиадасына қатысып 3-орынды иеленді. 2013 жылы ҚР Қарулы күштерінің 20 жылдығына орай республикалық "Боевое братство" ҚБ мерейтойлық медалімен марапатталды, №31765 әскери бөлімі командирінің алғысхатын алды. Сонымен қатар қалалық білім беру бөлімінің алғысына бөленген болатын. 2015 жылы "Оқушыларды шынайы патриоттық сезімге баулуда қосқан тәрбиесі үшін" дипломымен марапатталды. 2015, 2016 жылдары  Балқаш қаласы әкімінің алғыс хатын алып, еңбегі еленді.