Талғат Иманқұл – өрт сөндіруші

2012 жылы 8 шілде күні Шаян ауылындағы Шаян өзенінен 6 жасар баланы суға кетіп бара жатқанын байқап, құтқарып, алғашқы көмек көрсеткен. Осы ерлігі үшін 2012 жыл 16 желтоқсанында Төтенше жағдайлар министрлігі "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" медалімен марапаттаған.

Талғат Тәтішұлы 1971 жылы 26 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шаян ауылында дүниеге келген.

1994 -2004 жылдары арасында  Бәйдібек аудандық №10 өрт сөндіру және авариялық құтқару мекемесінде аға өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. 2016 жылы желтоқсан айында зейнеткерлік жасына сәйкес жұмыстан шыққан. Жұмыс барысында облыстық және аудан әкімдігінің "алғыс хатымен", "Құрмет громатасымен" марапатталған. 

Сонымен қатар, 2015 жыл ҚР ІІМ "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл", 2017 жылы ОҚО ІІД  "Қазақстан полициясына 25 жыл", 2007 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің  ІІІ дәрежелі "Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін" төсбелгілерімен марапатталды.