Талғат Күзембаев – опера әншісі.

Талғат Пердебекұлы  қазақ композиторларының, сондай-ақ дүниежүзілік классикалық музыка шығармаларын шеберлікпен орындайтын опера әншісі. Ол 2006 жылы ҚР Әнұранын ресми тұңғыш орындаған еді. 

1994-1998 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокалдық-хор факультетін Қазақстанның халық артисі, профессор Ғафиз Есімовтың классын бітірген.1998-2000 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының  асперантурасын бітірген.Оқуды бітіргеннен кейін Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрына труппасына қабылданады.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында: Бұл жерде опералық орындаушылық репертуарынан кең орын алды.

Негізгі орындаған партиялары: Жанбота, Жиенқұл (М.Төлебаев, «Біржан – Сара»), Абай, Жиренше (А.Жұбанов пен Хамидидің осы аттас операсы), Бекежан (Е.Г.Брусиловский, «Қыз Жібек»), Абылай хан (Рахмадиевтің осы аттас операсы, 2004; ҚР Мемлекеттік сыйлығы, 2006). Сонымен қатар Н.А. Римский-Корсаков, П.И.Чайковскийдің Ж.Бизе, Дж. Пуччини, Дж. Верди операларында күрделі партияларды орындады.

2006 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының ресми тұңғыш орындаушысы болды.

Ол 2007 жылы Қазан қаласындағы Татар мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасында Вердидің «Трубадур» операсын қоюға қатысты. Сол жылы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының опералық труппасымен Кипрдегі Пафос қаласында «Афродита» фестиваліне қатысып, Граф ди Луна партиясын (Верди, «Трубадур»)  айтты. К.Байсейітова атындағы республика әншілер байқауының (1998, 3-сыйлық), Халықаралық «Шабыт» шығарма жастар фестивалінің (2001, 1-сыйлығы), Б.Төлегенова атындағы 2-халықаралық әншілер байқауының (2004, 1-сыйлық) лауреаты және Астрахан қаласында өткен М.И. Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының дипломанты атанды.

2006 жылы Еркеғали Рахмадиевтың «Абылай хан» операсындағы Абылай ханның рөлі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.