Талғат Өткелбайұлы – кәсіпкер. Адал еңбекпен келген табысынан туған өлкесінің көркеюіне қаражат бөліп, барынша үлесін қосып жүрген азамат. Әсіресе еліміздің қай өңірін болса да толғандыратын жол мәселесіне бей-жай қарамайтын кәсіпкер.

1966 жылы 21 мамырда Төлеби ауданында дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын 1982 жылы Төлеби ауданы Абай атындағы колхоздың №3 бригадасында жұмысшы болып бастады. 1983-1988 жылдары Тасарық ауылдық тұтынушылар одағының дүкен меңгерушісі, 1993-1996 жылдары Тасарық ауылдық тұтынушылар одағының төрағасы, 1996-1998 жылдары Төлеби аудандық сауда және базарлар мемлекеттік сатып алу басқармасының бастығы, 1998-2001 жылдары Төлеби аудандық тұтынушылар құқын қорғау одағының төрағасы, 2001-2010 жылдары «Бір жолғы талондар беру орталығы» мемлекеттік мекемесінің Төлеби аудандық филиалының директоры, 2010 жылдың 6 қырқүйегінен Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Бір жолғы талондар беру орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры қызметтерін атқарды. 2014 жылдан бастап бүгінгі дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысуда. Төлеби аудандық мәслихатының депутаты.

Қасқасу ауылдық округі, Кересарық ауылында ішкі жолдарды кеңейту жұмыстарына қолғабыс еткен. Ардагерлер аллеясының орнын даярлау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Отбасында 3 қыз, 1 ұл, 8 немере тәрбиелеп отырған ардақты әке, сүйікті ата.