Нүсіпбеков Талғат Кеңшілікұлы ҚР Қарулы Күштер қатарына 2003 жылы шақырылды. Қазір Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінде штаб бастығы қызметін атқарады. 1981 жылы 22 ақпанда Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал гарнизонында өмірге келген. 

Суға батқан 9 жасар Сатарханов Нұрсұлтан есімді ұл баланы құтқару барысында көрсеткен ерлігі мен кәсіби шеберлігі үшін Әскери полиция мамандарын даярлау орталығының оқытушысы капитан Нүсіпбеков Талғат Кеңшілікұлы Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен "Ерлігі үшін" медалімен наградталды.

2009 жылдың тамыз айында капитан Т.К.Нусипбеков кезекті демалыста болып отбасымен "Алакөл" көлінде демалу барысында, суға шомылып шығып келе жатып, көмек дауысын естіген. Осы аз уақыт ішінде капитан Т.К. Нүсіпбеков ойланбастан тиісті шешім қабылдап, қасқағым сәтте жүзіп барып суға батып бара жатқан 9 жасар Нұрсұлтан есімді ұл баланы жағаға шығарып, бірінші дәргерлік көмек көрсетту кезінде бала есін жинаған.

Осы оқиғаны көрген көпшілік ішінде хирург дәрігері болып, баланы қарап, дер кезінде көмек көрсетілгені жайында айтқан.