Талғат Сырбаз - студент, спортшы

Талғат Сырбаз спорт жетістіктері арқылы жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттап, еркін күрестен жүлделі орындар алып жүрген жас спортшы. Қарапайым ауыл жігіті өз қажыр-қайратының арқасында еркін күрестен ауқымды додаларда көзге көрініп, аты шыға бастады. Былтыр 1999-2001 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасы чемпионатында І-орынды жеңіп алды. 

Талғат Сырбаз Аққала ауылында 1999 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Жастайынан спортқа қызығушылығы ержеткенде мамандығын таңдауға негіз болды. Қазір ол Атырау көп салалы «Болашақ» колледжінің  дене тәрбиесі және шынықтыру мамандығы бойынша 3 курс студенті.  Арманы спорттың тартысты да қызық жолына жас ұрпақты тарту, тәлімгерлік ету. Талғаттың өзі де жүлделерден кенде емес, ол 2015 жылы Бабаюрт қаласында С.А.Алибековты еске алу құрметіне орай 1999-2000 ж.туылған жасөспірімдер арасындағы еркін күрестен аудандық ашық турнирде  І-орынды жеңіп алған. Еркін күрестен жасөспірімдер арасында  Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңімпаз, спорт шеберіне үміткер.