Талғат Бағытжанұлы Жиентаев – грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Ол спортты бала кезінен серік етіп, алғашында қазақ күресімен айналысады. Кейін грек-рим күресіне ауысады. Алғаш рет 2007 жылы аудан біріншілігіне қатысып, бас жүлдені иеленген. Дарынын байқаған бапкерлері Талғаттың белін буып, республикалық, халықаралық жарыстарға да қатыстырып отырады. Мәселен, ол грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы, қола жүлдегер атанса, мектеп оқушыларының спартакиадасында қарсылас шыдатпай, жеңімпаз болған. 2012 жылы «Қостанай облысы жастарының алтын кітабына» есімі енген. «Жас Барыс» турнирінің абсолютті чемпионы, одан бөлек, Беларусь, Ресей, Түркия мен Әзірбайжан мемлекеттерінде өткен халықаралық турнирлерде жеңіс тұғырынан көрініп жүр.

Талғат Жиентаев өзінің ізбасар інілеріне үлгі болатын нағыз спортшы. Қанат Исламның бапкері айтқандай Талғат «чемпион емес, ең бірінші ол – адам». Т.Жиентаев секілді салауатты өмір салтын барлық жастар ұстанар болса еліміздің тек қана дами түсеріне еш күмәніміз жоқ.