Шынтасов Танабай Бектанұлы 1952 жылдың 28 желтоқсанында дүниеге келген.

Оның Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының ауыл шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік саланы дамытуға сіңірген еңбегі өте көп. Еңбек жолын 1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданының "УзССР-ның 40 жылдығы" совхозында аға инжнер-гидротехник болып бастаған.

1976-1981  жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының су шаруашылығына тиесілі  жылжымалы механикаландырылған колонада аға инжнер, шебер, аға инжнер, прораб, учаске бастығы қызметтерін атқарған.

1981-1986  жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының су шаруашылығы  басқармасының Зах-Келес эксплуатациялық су системасының  Сарыағаш аудандық су шаруашылығы бөлімшесіне басшы болып бекітілген.

1986-1990 жылдары  Сарыағаш аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, бөлім  бастығы болып  қызмет атқарған.

1990-1991 жылдары "Красный Восток" колхозының партия ұйымының хатшысы, төраға орынбасары, 1992-2002 жылдары "Сарыағаш жеміс жидек көшеттерін өндіруші", совхоз директоры қызметтерін атқарған.

Екі рет аудандық мәслихаттың депутаты болған. 2002 жылдан бүгінгі күнге дейін "Сарыағаш жер сиы" ЖШС директоры. Жүзім мен бау шаруашылығын дамыту бағытындағы ғылыми  еңбектері журнал және газеттерде жарияланған.  Осы еңбектерінің арқасында үш рет  Қазақстан Республикасының  президенті Н.Назарбаевтың "Алғыс"  хатымен, Сарыағаш аудандық мәслихаттының құрмет грамотасымен марапатталған.

Танабай Бектанұлы ауылымыздың белсенді қоғам қайраткерлерінің бірі "Нұр Отан" партиясы мүшесі, елді бірікке-тірлікке шақырып, болашақ  ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеп жүрген азамат.