"Мен 1977 жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында өмірге келдім. Туып-өскен жерім Бөген деген ауыл. Кеңес үкіметі кезінде  біздің совхоздың аты асыл тұқымды қой өсірумен шыққан" - дейді Таңат Мамырханұлы.

2009 жылы  «Алтын дауыс» республикалық байқауының бас жүлдесін жеңіп алған. 1998-2009 жылдары  Шымкент қаласындағы №8 Ә.Молдағұлова атындағы  орта мектебіне  музыка пәнінің мұғалімі, 2009-2011  жылдары  Алматы  қаласындағы Сүйінбай атындағы  филармонияның көркемдік жетекшісі болып жұмыс атқарған.

"Сахнаға аяқ басқаннан бері қазақтың дәстүрлі, классикалық және эстрадалық жанрында біраз әнді орындадым. Ән таңдауда ұлт­тық бояуы қанық, сазы мен сөзі үй­лескен мағыналы әндерге баса мән беремін. Менің ән­дерімнің арасында ритмі жылдам әндер көп емес. Себебі, менің та­биғатым сыршыл сезім­ге толы ән­дерді қалайды. Өнер бол­ған соң, түр­лі жанрда ән салу керек қой" - дейді әнші.