Татьяна Рудковская  кітапхана ісінің ардагері

 

Татьяна Рудковская кітапқұмар оқырмандарға талай жыл еңбек еткен ардагер кітапханашы. Өз ісіне адалдығымен, асқан жауапкершілігімен кейінгі буынға үлгі болған маман бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отыр. Десе де, зейнеткермін демей әлі күнге дейін қоғамның, еліміздің дамуына атсалысып келеді.

1956 жылы 20 наурызда Ресейдің Самара облысы, Борская ауданы, Гвардейцы ауылында туған. Куйбышев мемлекеттік университетін тарих-мұрағат істері мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын Самара облысы, Покровка ауылындағы Покровка сегіз жылдық мектебінде мұғалім болып бастады. Кітапхана саласында Қырғыз Республикасы Мемлекеттік кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. Н. Островский атындағы «Контакт» жастар клубында жұмыс істеген. Ол «Еуразия оқулары» халықаралық фестивальінде жауапты қызмет атқарып нәтижесінде Л.Гумилевтің туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Еуразия оқулары» ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалары" халықаралық фестивальінде Н.Островский атындағы дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, Қостанай облысының 75 жылдығына арналған қалалық конкурста электронды кітапхана көрмесін ұйымдастыруға белесене қатысты. Көрмеде «Край родной, навек любымый», «Островке» жобаларын ұсынып Гран-при жеңіп алды.

Татьяна Рудковская «Тірі кітап», «Аралдағы түн», «Оқымысты қала – гүлденген қала» жобаларына қатысқан. Бұқаралық ақпарат құралдарымен де тығыз байланыста болып, Елбасының Жолдауларын насихаттауға атсалысты. Еңбек жолында Қостанай қалалық мәдениет басқармасы «Отан» бастауыш партия ұйымының бірінші төрайымы болған.

Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған Татьяна Рудковская «Отан» республикалық саяси партиясының қызметіне белесене араласқаны үшін алғыс хатпен марапатталған. Сондай-ақ Қостанай қаласы әкімдігі «Мәдениет және даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Құрмет грамотасымен, «Қостанай» газетінің алғыс хатымен, Қостанай қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен марапатталған.