Темір Телғазиев – жеке кәсіпкер

Ол жылдар бойы тұрмысы төмен отбасыларға демеушілік танытып, қайырымдылық жасап келеді. Ауыл, аудан көлемінде беделге ие.  

Темір Әзімханұлы 1963 жылдың 17-мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындадүниеге келген. Аудан көлемінде 4  ЖЖМБ (жанар жағармай бекеті) және Бірлік ауылында  1 азық-түлік дүкенін ашқан.  Ауылдық округ көлеміндегі тұрмысы төмен отбасыларына үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп отырады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласады.  2016 жылы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл" мерекелік медалімен марапатталған. Аудан әкімінің аудандық кірістер басқармасының және ауыл әкімінің бірнеше алғыс хаттарымен, мақтау қағаздарына ие.