Темірхан Теміртасұлы Оспанов – «Успанов Т.Т.» шаруа қожалығының басшысы

Қостанай индустральді-педагогикалық техникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірген Т.Оспанов ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ жылдық еңбек тәжірибесімен кейінгілерге үлгі болып отыр. Ол еңбек жолын 1982 жылы Жетікөл ауданындағы «Овцевод» кеңшарында механик болудан бастайды. Осы ұжымда 17 жылын өткізген Т.Оспанов жабдықтаушы, гараж меңгерушісі қызметтерін де атқарған. 1999 жылдан бері Әулиекөл ауданының Көктал ауылындағы шаруа қожалықты басқарып келеді. Ұйымдастырушылық қабілеті мен жауапкершілігінің жоғарылығы, кәсіби біліктілігі мен талапшылдығының арқасында ол елге сыйлы азаматтардың бірі болды. Әулиекөл ауданы мәслихатының депутаты ретінде тұрғындардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөліп жүр. Тынымсыз еңбегі мемлекет тарапынан да бағаланбай қалған жоқ. 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, 2014 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталса, 2014 жылы «Қазақстан мәслихатына 20 жыл» медаліне және ҚР Президентінің Алғыс хатына ие болды.