Темірқан Болатұлы – жеке кәсіпкер, зейнеткер

Өмірінің тең жартысын басшылық қызметте өткерген Темірқан Болатұлы Шардара ауданының көркеюіне елеулі үлес қосқан азамат. Ол бес жылдай депутат болып, халықтың жоғын жоқтап, көптеген мәселелер көтеріп, олардың шешімін тауып әркез белсенділік танытып жүрді.

Темірқан Болатұлы 1944 жылы 29-маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. 1977-1983 жылдары Шардара ауданы «Қызылқұм» күріш совхозында бас инженері, 1983 жылдан бастап, Шардара ауданы, «Ақ-алтын» кеңшарына директорын қызметін 11 жыл атқарған. 1989-1994 жылдары ҚазССР Шымкент облыстық халық депутаттары Кеңесінің депутаты. 2007 жылы зейнеткерлікке шығып, 2015 жылы Ақшеңгелді ауылдық округі «Ақ-алтын» ардагерлер кеңесінің төрағасы болған.

Көптеген істер атқарған Темірқан Болатұлының еңбегі елеусіз қалмай, 1981 жылғы 9 маусымында Совет одағының Бүкілодақтық халық аруашылығы жетістіктер көрмесінің халық шаруашылығы дамуының жоғарғы көрсетікштеріне қосқан үлесі үшін «Қола медалмен» марапатталған, 2015 жылғы 05 қазан айында ОҚО агроөнеркәсіптік кешені еңбеккерлері кәсіподағы кеңесінің «Еңбек Даңқы» белгісімен, ал 2016 жылы «Qurmet-AB» қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.