Темріхан Айтбаев – көкпаршы

Темірхан Айтбаев Төледи ауданы Қоғалы ауылдық округі,  Ұзынаурық ауылында 1982 жылы 11-қазанда дүниеге келген. Жылқы малына құштар болған Темірхан 15 жасынан бері көкпармен айналысады. Бүгінгі дейін Қазақстан Республикасының көкпардан үш дүркін чемпионы атанған, ал 2004 жылы Қырғызстан Республикасы Президентінің кубогын жеңімпазы болды.

2009 жылы Қызылжар қаласындағы «Ақбидай» ауыл спорты ойындарында жеңімпаз атанған, көкпардан Асанбай Асқаров атындағы турнирдің бірнеше дүркін жеңімпазы. Қазақстанда өткен  әлем чемпионатының еліміздің құрамасында чемпион атанды.