Балтабаев Тынышбек Пайызханұлы 1984 жылы  Маңғыстау облысында дүниеге келген. 2000-2004 жылдары колледжде «Кескіндеу, мүсіндеу және графика» мамандығы бойынша оқыған.  2004-2007 жылдар аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық университетінде  «Көркемсурет және графика» факультетін бітірген. Университетте оқып жүрген жылдары қатысқан көрмелері: Астана қаласында өткен «Астана бәйтерек» көрмесі (2005ж), «Шабыт» фестивалі, Астана қаласы (2006ж).

2007 жылдан бастап Маңғыстау өнер колледжінде «Кескіндеу» бөлімінде ұстаздық қызмет атқарып келеді. Арт «Өнер» галереясында суретші, безендіруші болып жұмыс істейді. Қызмет жолында  көптеген алғыс хаттар мен жүлделі орындарға ие болған.  

2008 жылы «Маңғыстау облысының 35 жылдығына, Ақтау қаласының 45 жылдығына» арналған  көрмеге қатысып, жүлделі орындарды иеленген.                                                                                     
2008 жылы Қазақстан Суретшілер одағы мүше болған;
2013 жылы «Оңтүстік өрістері» симпозиумы;
2014 жылы «Көкжиек» атты симпозиумы;
2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында,Форт-Шевченко қаласының 170 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған облыстық суретшілер байқауынан 2-орын иеленген.