Тойлыбай Прәлиев – кәсіпкер

Тойлыбай Тәліпбайұлы сауабы сарқылмайтын істердің басы-қасында жүретін, көптеген игі істерімен, ерекше жанашырлығымен көрінген абыройлы азамат.

2008 жылы Нысанбек ауылында көлемі 14,5 х 14,5, сыйымдылығы 200 адамға арнап мешіт үйін салып  ауыл тұрғындарының пайдалануына берді. Мешіттің құрылыс жұмыстарына өз қаржысы есебінен 11 млн теңге құйды. "Мешіт –  елдің рухани байлығы. Онда жастарымыз діни іліммен қатар имандылық пен инабаттылықты, ізгілік пен игілікті бойларына сіңіреді" – дейді кәсіпкер. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде кім Алланың разылығын қалап мешіт тұрғызса, Алла Тағала оған жәннатта сондай үй тұрғызады» дейді.

Тойлыбай Тәліпбайұлы  округтегі мүгедек азаматтар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға қаржылай көмек жасап отырады. Алдағы уақытта округ аумағынан мобильді телефонды станциясын ашып шаруа қожалықтарын техникалық жағынан қолдауды мақсат тұтып отыр. Еліміздің экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.