Асылбек Тоқмағанбетов – ішкі істер органының бұрынғы қызметкері

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.

А.Тоқмағанбетов – ішкі істер органдарында үздіксіз жұмыс жасап, зейнетке шыққан.  Егемен еліміздің бейбіт күндерде қауіпсіз қоғам құрып, маңайындағылардың адал жүріп, адал тұруын міз бақпай қадағалаған кәнігі маман. Қазір ол Қаратау ауданы ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қаратау ауданының ішкі істер органының полиция бөлімінің бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы. Таскен тұрғын алабында шоғырланған көптеген ұлт өкілдерінің тығыз қарым-қатынаста, бірлікте өмір сүруіне де үлесін қосуда. Тұрғындар арасында да абыройлы азамат.

Өз ісінің хас шебері болып, қоғамға тек қана пайдасы тиген майталман А.Паметұлы Ішкі істер органдарында қалтқысыз қызметі үшін бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталған.