Тоқтар Бейсембинов – Қазақстан суретшілер одағының мүшесі

Тоқтар Асқарбайұлы ауылда жүрген кезінде, ұстаздықтан басқа, мұғалімдермен «театр», мектеп оқушылырмен «қуыршақ театрын» ұйымдастырып, сахналық қойылымдар қойып, халықтың рухани баюуына зор ықпал еткен. Ауылда жүргенде жазған, «Шамаң келсе шамаңды айт» деген өлеңдер топтамасымен қоса, «Сары көйлекті сағынышым менің», «Кәрі сексеуіл», «Қан шеңгел», «Бұлбұл өмір» секілді баспадан шықпаған жазба шығармаларының, одан қалды Мұқағали Мақатаевтың өлеңдеріне домбырамен шығарған көптеген әндері бар.

Тоқтар Асқарбайұлы 1949 жылы 18 маусым айында, бұрынғы Талдықорған облысы Киров ауданы Куйбышев колхозында дүниеге келіп, сол ауылда орта мектепті бітіріп, одан кейін Алматы қаласындағы Абай атындағы КазМУ-дің көркем сурет графика факультетін тәмамдаған. 

Оны институтта мұғалімдікке қалдырмақ болғанда, өмірлік тәжірибесін ауылға барып сабақтай түсу керектігін алға тартып, «распред комиссиядан» туған ауылына мұғалім етіп жіберуін сұраған, өтініші қанағаттандырылған. Содан ауылға барып 8 жылдай қызмет жасап, институт қайта-қайта шақыра бергендіктен, 1978 жылы Абай атындағы КазМУдің көркем сурет графика факультетіне келіп, зейнеткерлікке шыққанға дейін ұстаздық қызмет жасаған.

Тоқтар Асқарбайұлының суреттері Кеңес өкіметі кезінде марапаттан гөрі, сынға көп  ұшыраған. Себебі, Тоқтар аға қашан да ақиқатты айтуға тырысқан. Оған дәлел, 1985 жылы, Советтік «цензураның» қылышынан шыққан от әлі сөнбей тұрған кезде жазған «Три главных врага» атты «триптих - үш таған» суреті.

Ол 1998 жылы КСРО суретшілер одағына қабылданып, бірақ, Мәскеу суретшілер одағының мүшесі деген «билетін» тек қана, КСРО құлап, егемендігімізді алған кезде ғана берген екен. Тоқтар Асқарбайұлы бүгінгі таңда Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, және Суретшілер одағының съездерінде, бірнеше рет «Правление» мүшесі болып сайланып, одаққа тиесілі қоғамдық жұмыстармен айналысқан. 

2006 жылы «Ақиқат» кітабы жарық көрді. «Үш жүз» жекеменшік қорын құрып, қазақ дүние танымының негізгі тұтқалары болып табылатын: Тіл, Діл, Дін, Аманат, Мұра, Мирас, бір сөзбен айтқанда «Қасиетті қазақ жүйесін» насихаттаумен айналысуды бастады. Сол жылдары, ол қатыспаған дөңгелек үстел, ғылыми конференциялар кемде кем болған шығар. Пікір таластың соңы, тыныш отырып, Тоқтар Асқарбайұлының қазақ дүние танымы жайлы жүйелеп айтқан, дәлелді ойларын тыңдаумен аяқталатын.

«Уды у ғана қайтарады» деген ұстанымды ту еткен Тоқтар Асқарбайұлы, 2016 жылдың 09 айында «ТаңІр ілімі» қоғамдық бірлестігін құрып, ресми түрде бекіткізген еді. Ондағы мақсат - мемлекетімізде күннен күнге қарқын алып бара жатқан діни экстремизм мен терорлық бағытты ұстағандармен салихалы піркір талас ұйымдастыра отырып, жаңылыс басқан адасушыларды, қазақы ортаға қайтарудың жобасын жасап, сол жобаны іске асыру болды. Мемлекет тыныштығын сақтау, бақуатты өмір сүріп, адал еңбек ету, әрбір азаматтың негізігі мақсаты екендігі, ол үшін «жат жұрттық діни ағымдармен» тынбай жұмыс жасау керектігін алғы шарт деп білетін «Үш жүз» және «Таңір ілімі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тоқтар абыздың маңына жиылып жұмыс жасауда.