Толқын Қабылшаева Шахарбекқызы - 1980 жылы 15 қаңтарда дүниеге келген, ақын.

 «Шабыт» Халықаралық Шығармашылық Фестивалінің жүлдегері «Жаныммен жалғыз кешкем мұң» жыр жинағының авторы "Қазақстан -Қызылорда" телеарнасының редакторы, журналист- тележүргізуші Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің түлегі. «Сыр бойы ақындарының антологиясына» бір топ жырлары енген. Республикалық «Жалын», «Үркер» басылымдарында өлеңдері жиі жарық көріп тұрады. Республикалық, облыстық жыр мүшайраларының жүлдегері . Бірнеше өлеңдеріне белгілі сазгер И.Елубаева ән жазып, «Күз кеуде», «Жадымда », «Асыл әке» атты әндері тыңдарман қауымының сұранысына ие болып жүр.