Түгел Малжігітов – жеке кәсіпкер

Түгел Малжігітов 1966 жылдың 14 қаңтарында Атырау облысы, Жылыой ауданы, Күлсары қаласында дүниеге келді. Мектепке 1973 жылы түскен Түгел тәмамдаған мектебін 1983 жылы аяқтады. Жергілікті коледждердің біріне түсіп, алайда қаржы тапшылығына тап болған азамат оқудан шығып жұмысқа араласа бастады. Атырау қаласында барып, тепловозда жүргізуші қызметіне орналасты. 1988 жылы бастаған аталған жұмыс орнын 1991 жылы аяқтап, тәуелсіздік жылдары жеке кәсіпкерлікке ауысты. Жеке кәсіпкер ретінде алғаш болып азық – түлік дүкенін ашуға ұйғарды. Алайда қаржы тапшылығына әкеліп соқтырған сұрапыл заманда ашқан дүкендерін сатып, немесе жабуға тура келді.  Көзді ашып жұмғанша қиын қыстау кезең де Түгел Малжігітовті айналып өтті. Жаңа уақыт аясында ол жеке кәсіпкерлік жұмысын қайта өңдеді. Бұл мезетте, азық – түлік дүкенімен қатар дөңгелек жасайтын шеберхана ашты. Мұнысымен тоқталмай уақыт өте келе «Мол жігіт» ЖШС ашты. Көп ұзамай, яғни 2013 жылы өзінің туған өлкесінде «Арғымақ» атты авто мектептің қабырғасын қалап, білікті мамандармен жасөспірімдерді автокөлік қыр – сырымен таныстырып, білімдерін толықтыруда. Қазіргі Түгел Малжігітов 4 баланың әкесі болып отыр. 1 ұл және 3 қызымен халық алдында мақтан тұтарлық әке мен басшы ретінде танылып отыр.