Ергешқызы Түймекүл ОҚО, Кентау қаласында 1966 жылы 20 тамызда дүниеге келген.

Ол қазіргі таңда әр түрлі жастағы 14 баланы асырап алып,  тәлім-тәрбие беріп, елдің үлгісіне айналып отырғанн  көпбалал ана. Үйдегі балалардың жасы да, тағдыры да сан түрл Барлығы басынан өткерген қиыншылықтан арылып, отбасылық жылуды осы үйде сезе білген. Қамқор ата-ана балаларға керек дүниені үйретумен қатар, олардың бойындағы өнерлерін шыңдауға да жәрдемдесуде. Бірі спортта үздік болса, екіншісі білім жолындағы жетістіктерімен қуантып қана қоймай, ата-анасына үй шаруасына да көмектеседі  Көп жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысады.  «Бауырмал» сыйлығының иегері, қала әкімінің, қалалық мәслихат хатшысының «Алғыс хаттарымен» марапатталған.