Ұлықбек Насыров – театр әртісі

Ұлықбек Гайбиллаұлы қостілділік мамандығын иегеріп шыққанына қарамай, әртістік жолды таңдап, бүгінде табысты қызмет етіп келеді. Бала Ұлықбек әрқашан театр өнеріне, одағы әртістердің шеберліктеріне тамсанып, осы салада еңбек етуді армандаған. Кей рөлдері үшін үздік атанып, еліміздегі өзбек театрының жемісті жұмыс жасауына өз септігін тигізіп жатыр.

1982 жылдың 4 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер қаласында дүниеге келген.  2000 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық Университетіне «Қазақ және ағылшын тілі»  факультетін бітірді.2004  жылдың ақпан айынан «ОҚО  әкімдігінің өзбек драма театры» МКҚК – на  әртіс қызметіне таңдау арқылы жұмысқа қабылданып, осы уақытқа  дейін жұмыс істеп келеді. 2016 жыл М. Әуезов атындағы университеттің «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша тәмәмдады. 2015 жылы «Қазақ хандығының 550 жылдығы»на орай мерейтойға арналған кәдесый медалімен марапатталды. 2016 жылғы 7-9 сәуір аралығында Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жазушы, драматург Р. Отарбаевтың шығармаларына арналған «Театр Көктемі-2016» облыстық театр фестивалінде Отарбаевтың «Аяулым Анфиса» трагикомедиясы қойылды онда Насыров –Итемген бейнесі үшін «Екінші пландағы ер адам» номинациясымен марапатталды.