Юлия Пинженина – өнер мектебінің ұстазы, хореограф

Юлия Пинженина талантты хареограф. Ол осынау өзгеше өнер түрімен бала күнінен айналысады. Бүгінде жас өнерпаздарды республикалық деңгейде өтетін байқауларға дайындайды. Шәкірттері түрлі конкурстарда топ жарып, талай жүлдені қанжығаларына байлап келеді.

Юлия Пинженина 1983 жылы 20 қаңтарда Қостанай облысы Комсомол районы, Комсомол ауылында туған.

Қазіргі таңда Қарабалық ауданы әкімдігі, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Қарабалық ауданы мәдениет үйі» мемлекеттік мекемесінің көркемдік жетекшісі, Қарабалық ауданы әкімдігі білім беру басқармасының «Балалар өнер мектебі» мемлекеттік мекемесінің хореография мұғалімі

Юлия Пинженина Челябинск мемлекеттік университетін 2011 жылы «Халық шығармашылығы", «Хореографиялық ұжымның көркемдік жетекшісі, мұғалім» мамандығы бойынша бітірген 1-ші санаттағы маман. Сонымен қатар 2004 жылы Заманауи Гуманитарлық академиясынан заңгер мамандығын алған.

Шәкірттерін киелі өнерге баулыған Юлия хореография саласы бойынша білімі терең, жан-жақты, талантты ұстаз. Ол шығармашылықтың шыңынан көріну үшін өзін үнемі дамытып ізденісте жүреді. Балалар мен ата-аналармен жұмыс істеуде, олардың өнерін дамытуда да өзіндік ерекшелігі, тәжірибесі бар.

«Ручейк» хореографиялық ансамблінде 11 жыл бойы тұрақты қызмет етіп келеді. Ұжымдық өнер фестиваль-конкурстарында бірнеше рет жеңімпаз атанған. Яғни, 2011 жылы Қарабалық аудандық ішкі істер бөлімі басшысының алғыс хатымен, Қарабалық ауданы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі меңгерушісінің дипломымен, 2016 жылы Білім беру департаментінің «Балалар өнер мектебі» мемлекеттік мекемесінің директорының алғыс хатымен марапатталған.