Юлия Сизухина – аудандық мәдениет үйінің әдіскері

 

Юлия Сизухина - аудандық мәдениет үйінде әдіскер. Ол өзі тұратын аудандағы мәдениет саласының дамуына үлес қосты. Өнерлі балаларды халықаралық, республикалық байқауларға дайындап, жүлделі орындарға қол жеткізді.

Ол 1984 жылы 16 мамырда дүниеге келген. 2006 жылы Қостанай мемлекеттік институтының «Орыс тілі мен әдебиет» мамандығы бойынша бітірген. Қазіргі таңда ол аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып қызмет етеді.

Юлия Сергейқызы еңбек жолын 2003 жылы аудандық мәдениет үйінде әдіскер болып бастайды. 2008 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында аянбай тер төгеді. Көптеген аудандық байқаулар мен жарыстарды, мерекелерді ерекше ұйымдастырады. Қостанай қаласының, аудандарының мәдениет күндерін өткізуге ерекше атсалысқан. Сондай-ақ, 2012 жылы Астана қаласының туған күніне орай өткізілген шараларды ұйымдастырып, белсенділік танытқан.

Юлия үнемі қоғамдық жұмыстарға құлшыныспен, қызығушылықпен араласады. Ол ҮЕҰ Жастар кеңесінің мүшесі. Аймақтық маусым және тамыз оқуларына бірнеше рет қатысты.

Ол жастармен бірлесіп жұмыс жасауда, түрлі бағыттағы дөңгелек үстелдер мен мерекелік кештерді өткізуде үнемі алдыңғы қатардан көрінеді.

Юлия 2011 жылы облыс әкімінің «Жас патриот» номинациясын жеңіп алды. Сол жылы  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған жастарға арналған «Ауылым - алтын бесігім» баспасөз-турына қатысты. Сондай-ақ Мәдениет саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыстық мәдениет басқармасының және аудан әкімінің дипломдарымен бірнеше рет марапатталған.