Юрий Грязнов – ұстаз

Юрий Петрович жұмысының негізгі бағыты – ақпараттық коммуникациялық технологияларын пайдалану. Бұл бағыттағы жұмыс жасау алғашқы мектептерді компьютерлендіру кезеңінен бастауын алған. Физика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осы АКТ-ны пайдаланып, білім сапасын жоғарлату үшін аянбай тер төгіп келеді.

Осы бағытта бастауыш сыныптар, орта буын және жоғары сыныптарға арналған әртүрлі пәндер бойынша электрондық оқулықтардың шығарылуына белсене ат салысты. Атап айтар болсақ: «Информатика 5-11»,  интерактивтік оқу құралдары «Математика», «Русский язык», «Устный счет», «Ядерная физика», «Модулятор движения на планетах Солнечной системы», «Стихийные бедствия», «Минисчет», «Мақал». Юрий Петровичтің «Компьютерная технология моделирования физических процессов» авторлық бағдарламасы Облыстық педагогтардың білімін жетілдіру институтымен бекітілді. Бұл электрондық оқулықтар сабақтарда апробацияланып, нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артты. Қазіргі кезеңде жаңа формата физика сабақтарында үш тілді қолдану бойынша жұмыс дәптерін дайындау жобасы жасаланып жатыр.

Юрий Петровичтің жеткен жетістіктері аз емес. Мәселен, облыстық   «Лучший on-line урок»  байқауынан бас жүлде иеленді, «Кембридж бағдармасы бойынша жана инновациялық тәсілдерді оқу процесіне енгізу» тақырыбында қалалық семинарға  қатысып ҚББ-нің мақтау қағазымен, сондай-ақ «Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.