Ұрлайым Қосаева – қуыршақ театрының жетекшісі

Ұрлайым Ордабекқызы саналы ғұмырын мәдениет саласына арнап, ауданның мәдениет саласын көтеруде ерекше еңбек сіңіріп келеді. Ол аудандық қуыршақ театрының жетекшісі болғалы, көптеген жұмыстар атқарылып, жиі халықты тамсандырған қойылымдар көрсетіліп жүр.

Ол 1962 жылдың 12-сәуірінде Оңтүсітк Қазақстан облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1982 жылы Ленин аудандық мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі болып бастаған. 1985 жылы Шарбұлақ ауылдық мәдениет үйінің директоры қызметін, 1987-2001 жылдар аралығында аудандық мәдениет бөлімінде әр түрлі қызмет атқарды. 2011 жылдан бері  Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы жанынан құрылған қуыршақ театрының жетекшісі болып қызмет жасап келеді.  Нақты айтқанда, "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" МКҚК-да бағдарлама әзірлеуші.