Валентин Свиридов – «Содружество-98» ЖШС директоры

 

Валентин Свиридов - "Содружество-98» ЖШС директоры. Жастайынан еңбекқорлығының арқасында зор жетістіктерге жеткен кәсіпкер қайырымдылық жасаудан жалыққан емес. Ол қаншама көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, демеушілік жасады. Осылайша жұртшылықтың алғысына бөленіп келеді.


Ол 1947 жылы 3 шілдеде Украинаның Владимиро-Волынск облысында дүниеге келген. 1992 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтында "инженер-механик" мамандығы бойынша бітірген.

«Валентин Свиридов 1969 жылы әскерден оралған соң 1969 жылдан бастап Горький атындағы №4 шаруа қожалығы бригадирінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Қызметте жауапкершілігімен, еңбекқорлығымен көзге түскен ол 1974 жылы №1 тракторлық бригада бөлімнің бригадирі болып ауысады. Ал 1984 жылдан 1993 жылға дейін Горький атындағы совхоздың бас инженері болып қызмет етеді. Ұжымда біліктілігімен абыройлы болған маман 1993 жылдан 1998 жылға дейін Горкий атындағы №1 шаруа қожалығының бөлім меңгерушісі болады. 1998 жылдан бастап «Содружество-98» ЖШС басқарады.

Валентин Свиридов «Ерен еңбегі үшін» III дәрежелі медалі, «Целинаның 50 жылдығы» медалі, «Қазақстан Республикасының 10 жылдығы» медалі, «Қазақстан Республикасының 20 жылдығы» медалі, «Қазақстан Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалінің иегері