Валентина Васильевна – саналы ғұмырын кітапхана саласына арнаған жан.

Валентина Скоблова еңбек жолын Шымкент қаласындағы А. Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі ретінде бастаған. 1976 жылы орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесі кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

1984-1988 жылдар аралығында мекемедегі кәсіподақ ұйымының төрайымы болды. Кейіннен кітапхананың әдістемелік-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметіне ауысты. 2007 жылы ұзақ жылғы табанды еңбегі ақталып, зейнеткерлікке шықты. Кітапхананың дамуына өзіндік үлес қосып, жас  жеткіншектерге тәрбие мен білім берудегі еңбегі  үшін қалалық мәдениет бөлім басшысының, қала әкімдерініің  алғыс хаттарымен, ОҚО әкімінің  «Еңбек ері» медалімен марапатталған. Өз жұмысын жетік білетін, білікті маман, қабілетті ұйымдастырушы ретінде өзін көрсете білді.