Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессоры, техника ғылымдарының докторы. Көптеген тың жаңалықтарды ойлап тауып, ғылымға өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді. Ғалымның соңғы жетістігі - гидродинамикалық жылу энергиясын өндіретін қондырғы ойлап табуы.  

«ЕХРО-2017» көрмесінде  шетелдік меймандар назарына ұсынылатын тың жоба бұған дейін әлемнің 50-ден астам мемлекетінің өкілдері қатысқан халықаралық байқауда да үздік деп танылған.