Василий Розинов – кәсіпкер

Василий Розинов – «Иволга-Холдинг» ЖШС Бас директоры. Жастайынан еңбекке араласып өскен кәсіпкер өзі мекен еткен аймақтың дамуына елеулі үлес қосқан. Жергілікті тұрғындардың денін жұмыспен қамтамасыз етіп, оларға қолдау көрсеткен.

Василий Розинов 1955 жылы 8 қарашада Қостанай облысы, Федоровский ауданы,  Большое ауылында туған. 1977 жылы «Зооинженерия» мамандығы бойынша бітірген. Жоғарғы оқу орнын ойдағыдай аяқтаған соң 1977-1978ж.ж Кеңес әскерінде әскери борышын өтейді. Содан соң 1978-1992ж.ж Животновод ауылында еңбек жолын зоотехник маманы болып бастап басшылыққа дейін қызметі өседі.

Яғни, «Краснопартизанский», «Соколовский», «Майкөл» ауылының бас мал шаруашылығы маманы, мал шаруашылығы бөлімінің бастығы, кішігірім кәсіпорын директоры, Ю.Гагарин атындағы ауыл шаруашылығы ғылымдары қауымдастығының вице-президенті болып жұмыс істейді. Ал 1992 жылы «Иволга» компаниясының директоры болды. Василий мырза басқарған бұл компания 2001 жылы «Иволга-Холдинг» ЖШС айналды. Қазір өзі басқарып отырған бұл серіктестік қазақстандық диверсификацияланған агроөнеркәсіптік компаниялар тобы. Компанияның штаб-пәтері Қостанай қаласында орналасқан. Ал негізгі активтер Қазақстан мен Ресейде.

"Нұр Отан" партиясының мүшесі Василий мырза өзінің еңбек жолында  Қостанайлық Оқырмандар клубын құрып, оны басқарады. Содан соң Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы облыстық кеңесінің төрағасы болып, Қостанай облысының Волейбол федерациясының президенті болып та қызмет атқарады. Ол көптеген мемлекеттік наградалар мен алғыс хаттармен марапатталған. Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» және «Қостанай облысының 80 жылдығы» (2016), «Құрметті Ардагер» (2016) медалінің, «Күміс» орденінің (2001) иегері.