Василий Владимирович – СҚО Мамлют ауданының «Құрметті азаматы»

Саналы ғұмырын Мамлют ауданына қызмет етуге арнаған Василий Целуйко зейнет жасына дейін комсомолда, кеңестік-партиялық органда жұмыс істеп, белсенділігімен танылған.

Оның еңбек жолына үңілген адам қай жылдары болмасын В.Целуйконың аудандық іс-шаралардың басында жүргенін, білікті ұйымдастырушы болғанын оңай байқай алады. Құрметті демалысына Мамлют ауданының «Құрметті азаматы» аудандық мәслихат хатшысы ретінде 2003 жылы шыққан. 2004 жылдан бері бірнеше рет аудандық сайлау комиссиясының төрағасы болды. Әсіресе, Елбасы Н.Назарбаев сайлауға түскен кезеңдерде сайлау жүйесіне жетекшілік етті. Сондай-ақ, аудандағы түрлі қоғамдық шаралардың ойдағыдай өтуіне ұдайы көмектесіп тұрады. Бірнеше рет облыс және аудан әкімінің «Құрмет грамотасына» ие болған.