Виктор Хрущев – білім саласына үлес қосушы доцент.

1996 жылы Солтүстік Қазақстан университетін «әлеуметтік психолог» мамандығы бойынша бітірген. 2002-2004 жылдар аралығында  педагогика және психология мамандығының аға қызметкері болған. Қазіргі таңда «Педагогика және  психология» кафедрасында доцент. Педагогикалық еңбек өтілі 29 жыл. Алғашқы еңбек жолында «педагогика», «педагогика тарихы», «педагогика теориясы мен әдістемесі» сабақтары бойынша дәріс оқып, практикалық сабақтар өткізген. Соңғы уақыттағы кадрларға қойылған жаңа талап бойынша, «Коррекциялық педагогика», «Әлеуметтік педагогтың үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу ерекшеліктері», «Инклюзивті білім беру педагогының кәсіби қызметінің негіздері», «Инклюзивті білім берудегі балалардың отбасындағы тәрбиесі» пәнінен дәрістер оқып, практикалық сабақтар жүргізеді. Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысып, 100-ден астам мақалалары жарық көрген. Виктор Александрович жетекшілік еткен ғылыми жұмыстар әр уақытты жүлделі орындарға ие.

2009 жылы «Талантты мұғалім  дарынды балаларға» олимпиядасында 1-орын иеленсе, 2013 жылы «Өзін-өзі тану» пәні олимпиядасында  да 1-орын алды. Ал, 2015 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің алтын медалімен марапатталды.