Виктор Подолян-музыкант

Виктор Подолян 1951 жылы маусымның 18 күні Петропавл қаласында дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғыс жылдары В.Куйбышев атындағы зауытта еңбектенсе, анасы тігін фабрикасында жұмыс жасады. Музыка саласына жолын  ашп берген адамдардың бірі өзнің әкесі. Себебі әкесі гитарада ойнағанды жақсы көретін.

Көптеген жерлерден музыканың қыр-сырына қанық болған Виктор Подолян, бүкіл өмірін орыс, казак, украин әндерінің қалыптасуы мен гүлдеуіне арнады.

1996 жылы казактардан жасақталған ұжыммен, казак халық хорымен жұ көзқараспен қарап, жаңа туындыларын жаңа ұжыммен дүниеге әкелді. Сонымен қатар, репертуарлары көбейіп, қазіргі уақытта, музыкалық туындыларының саны 93-ке жетті. Көбіне орыс, украин және казак әндері.

Халық әндерне деген махаббатын біраз жылдары сақтап, 20 жыл бойы «Звонница» хорының  тұрақты жетекшісі болды.

«Звонница» ұлттық хоры - халықаралық және республикалық конкурстар мен фестивальдердің лауреаты мен көптеген жарыстардың жүлдегері.

Соңғы 3 жылда халық хорының қоржынында көптеген диплом мен грамоталармен толықты. Мәселен: Астанадағы Ұлттық бірлік күніне арналған «Ресей сені құттықтаймын» атты бірінші аймақтық фестиваліне қатысқаны үшін;

Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай:

Қостанай, Ялуторовск, Көкшетау қалаларында мерекелік шаралардың сәнін келтіргені үшін көптеген марапатқа ие болды. Сонымен қатар, аталмыш хор бірнеше жыл қатарынан қарттар үйінде концерттік бағдарламалармен қуантуда.

Соңғы үш жылда «Ресеймен жүрекпен» және «казак күні» атты мәдениет фестивалдарына хор тікелей қатысады.

Виктор Подолян-сирек талант, музыкаға деген сүйіспеншілікпен қатар құзыретті мұғалім, қабілетті ұйымдастырушы.

Виктора мырзаның өзінің өнерімен ғана емес, сондай-ақ жақсы адам, үлгілі ұстаз ретінде танылып отыр. Әріптестері мен музыка алаңындағы қарсыластарының арасында беделді азамат, Қазақстан мен Ресей аумағында орыс және казак музыкалық мәдениеттерін дамытуға, халықтар арасындағы достық пен келісімнің нығаюына үлкен үлес қосып жүр.

Орыс мәдениетінің таралуына және казактардың ғасыр бойы келе жатқан музыкалық мұрасын сақтап келгені үшін қала әкімінің Құрмет грамотасымен, мәдениет бөлімі, казак медальдарымен, дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.