Виктор Соложенков – «Арай Холдинг» ЖШС Бас директоры

 

Виктор Соложенков - «Арай Холдинг» ЖШС Бас директоры. Ол экономика нарығы мен заманауи менеджмент негіздері бойынша білікті маман. Виктор Иванұлы аталған серіктестік жұмысының алға басуына 25 жылдан аса уақыт қызмет етіп келеді. Сондай-ақ, облыстың өсіп-өркендеуіне де үлкен үлес қосып жүрген ел азаматы.

Ол 1957 жылы 18 қаңтарда Ресейдің Калужская облысы, Козельск ауданы, Побуж ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Рудный индустриялық институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 

Виктор Соложенков «Лисаковскрудстрой» тресінің «Промстрой-1» СО мастер, инженер, бас инженер, бөлім басшысы қызметтерін атқарған. Содан соң «Лисаковскрудстрой» АҚ президенті болған.

1996 жылы «Арай» ЖАҚ  вице-президенті, содан соң президенті қызметін атқарады. Бұл «Арай-91» жабық акционерлік қоғамы 2006 жылы қаңтар айында жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып қайта құрылады. Сол кезде Виктор «Арай-Холдинг» ЖШС Бас директоры болып қайта тағайындалады.

Виктор Иванұлы компанияны, ұжымды ерекше іскерлік қабілетімен басқара біледі. Кез келген мәселені жан-жақты қарастырып, бақылау арқылы маңызды шешім қабылдайды.

Виктор Соложенков 2004 жылы «Целинаның 50 жылдығы»  медальімен және 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.