Виктор Усанин – спортшы

 

Виктор Усанин Рудный қаласы әкімдігі «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің» «Қуат» спорт клубы» мемлекеттік мекемесінде және «Горняк» хоккей командасында әкімші болып қызмет етеді. Ол қызметте зор беделге ие. Өйткені ол команданың үнемі жеңіс тұғырынан көрінуіне айтарлықтай үлес қосып келеді. Оның қажырлы еңбегі көпке үлгі.

Ол 1957 жылы 2 желтоқсанда Ресейдің Тюмень облысы, Октябрьский ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Рудный қаласының техникалық училищесінде электр жөндеуші мамандығы бойынша бітірген. 

Виктор «Горняк» хоккей командасында 2002 жылдан бастап әкімші болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде аталған команда шайбалы хоккейден бірнеше рет Қазақстан Республикасының Кубогының күміс жүлдесін жеңіп алды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында ерлер арасындағы шайбалы хоккейден 6 рет қол жүлдені иеленді.

Виктор Усанин спорт саласында аянбай тер төккені үшін бірнеше рет алғыс хаттармен марапатталған. Әріптестері оның жауапкершілігі мен еңбексүйгіштігіне дән риза. Ол үнемі көтеріңкі көңіл-күйде жүріп спортшыларға қолдау көрсетеді.