Нина Львова  тәрбиеші

Жас буынды тәрбиелеуде үлкен үлесін қосып отырған білікті маман.Тәрбиелеу мен оқытудың жаңа технологияларының және бірнеше әдістемелік нұсқаулықтың авторы. Жас тәрбиешілер тәлімгері, әдістемелік кеңестің аттестациялық комиссия мүшесі.

Жұмыс қызметін 1989 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Снегурочка» сәбилер балабақшасында жалғастырып келеді. Жұмыспен қатар білімін жетілдіру мақсатында 2016 жылы Қарағанды қаласының «Болашақ» Академиясына оқуға түсті. 2015 жылы III облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Мектепке дейінгі балаларды дамытудағы жобалауға технологияны қолдану» және «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде заманауи технологиялар және инновация» тақырыбында жұмыс тәжірибесі жарияланды. 2013 жылы «Дарынды тәрбиеші» облыстық конкурсының қатысушысы. 2014 жылы VIII республикалық ғылыми-практикалық ойлар фестивалі, 2014ж., 2015ж., «Әдістемелік вернисажы»  облыстық педагогикалық ойлар фестиваліне қатысты. 2016ж., «Білім технопаркі» аймақтық жобасының педагог-эталоны ретінде «Өрлеу» біліктілігін арттыру институтында ресми мақұлдаудан өткен «БжС технологиясын қолдана отырып қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» әдістемелік оқу-құралын жасады.

Нина Львованың тәрбиелеп отырған балалары әр түрлі деңгейдегі конкурстарға қатысады: 2013 жылы облыстық конкурс «Зерек бала»: Столяренко В., Мажаев П.;  ХIХ облыстық ғылыми--практикалық конференция «Экология және балалар»: Батытель К.  2015 жылы ЮНЕСКО жобасы «Дети рисуют мир»: Лебединская К. – қатысушы сертификаты;  республикалық IQ марафон «Үркер»: Горшенева Е. –грамота; республикалық конкурс «Моя родина – Казахстан»: Максяткина Н., II,III дәрежелі дипломанты. 2016 жылы XXII облыстық ғылыми--практикалық конференцияда «Экология және балалар»: Солопова К., II дәрежелі дипломанты;облыстық конкурс «Мир моей мечты» : Тельнова В.,III дәрежелі дипломанты.

Нина Викторовна мемлекеттік қызметкерлер үшін екі деңгейлі мемлекеттік тіл курстарынан өтіп,  қазақ тілін еркін меңгерген. Тобының тәрбиленуші балалары қазақ тілінде тақпақтар айтады, сөздік қозғалмалы ойындарды біледі. Нәтижелі екбектің арқасында 2016 жылы Республикалық қазақ тіліндегі конкурстан тәрбиеленуші И.Тен бірінші орынды иеленді. Нина Львова ата-аналардың ортасында сенімге ие,сыйлы тәрбиеші.