Владимир Долгушев-журналист

Владимир Долгушев 1980 жылы Павлодар қаласында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін, Омск қаласына барып оқуға түседі. Омск мемлекеттік университетінде журналистика мамандығын тәмамдаған ол, өз қатарластарының ішінде үздіктің-үздігі атанды. Ресейде білімін толықтырып, туған өлкесіне қайта оралып, Павлодар облысының әкімшілігінде баспасөз хатшысы ретінде жұмысқа орналасты. Араға біраз жыл салып, облыстық «Region.kz»  атты жастарға арналған газетте редактор болып жұмыс істеді. Кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсете білген Владимирге жұмыс жөнінде бірнеше ұсыныстар келіп түсті. Алайда В.долгушев көп ойланбастан «Звезды Прииртышья» газетіне 2012 жылы ауысты. Қазіргі таңда, аталған газеттің бас редакторының қызметін атқарады. Сонымен қатар, Қазақстанның жазушылар одағының мүшесі.

Оның журналистік қызметі Қазақстанның Журналистер Одағының дипломымен, облыстық департаменттер, ведомстволар мен кәсіпорындардың құрмет грамоталары мен алғыс хаттарымен толығып,  облыс әкімінің грантының иегері.