Владимир Ивашкин-көркемдік жетекші

Владимир Ивашкин 1967 жылы Солтүстік қазақстан облысында дүниеге келді. Жас кезінен музыкаға деген қызығушылығының оянғанын байқаған ата-анасы музыка мектебіне беруді ұйғарды.  Петропавл музыкалық училищесінде халық аспаптары және Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің «Халық хоры мен фольклорлық ансамбльінің жетекшісі, театр пәндерінің мұғалімі» мамандығын тәмамдаған. Оқу үрдісін бітіргеннен кейін мемлекеттік қызметкер ретінде жұмысқа орналасып, түрлі марапаттарға ие болды. Мәселен;

2006 жылы қоғамдық қызметі мен этносаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғысын алды.

2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Биляловтың «Бейбітшілік, келісімді нығайту және кәсіпке деген шығармашылық көзқарас үшін» алғыс хатымен марапатталды.

2011 жылы «Белфри-Мұра» вокалды-хореографиялық ансамблі он бес жылдық мерейтойын атап өтті.  Владимир Ивашкинге Александр Невскийдің мерейтойлық медалі мен Сарыбай би Айдосұлының мерейтойлық медалі берілді.

2011 жылы Мемлекеттік академиялық Кубалық казак хорының бас директорымен, Ресейдің, Украинаның, Адыгеяның және Абхазия Республикасының халық артисі, Ресей Федерациясының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертану ғылымдарының докторы, профессор, композитор В Захарченконың алғыс хаттарымен марапатталды.

2012 жылы Колпаковский орденімен және «Қазақстан Республикасындағы казак мәдениетін жандандыру үшін» Александр Невскийдің медалімен марапатталды.

2015 жылы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай арнайы медалімен марапатталды.

2016 жылы «Мәдениет Майталманы» медалімен марапатталды.

Сонымен қатар, Владимир Ивашкин концерттік бағдарламарымен қатар, жас буынға өз біліктілігімен бөлісуде