Владимир Коншу - ішкі қызмет полковнигі

Владимир Коншу 1949 жылы 15 қарашада дүниеге келді. Ішкі қызмет полковнигі. Өрт сөндіруші қызметімен әскердегі шұғыл қызметін өткеріп жүргенде танысты. Әскери қызметін атқарғаннан кейін 3-ӨҚБ өрт сөндірушісі, одан кейін алдын алу бойынша нұсқаушысы, Қаз ССР ІІМ ӨКБ Өскемен Титан-магний комбинатын күзету бойынша № 17 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болды. 1977 жылы қала бойынша шұғыл кезекші лауазымына тағайындалды. 1979 жылы Өскемен қаласында екі әкімшілік ауданын құру барысында әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі енгізілді. Октябрь ауданын күзету бойынша 37-МӘӨСБ бастығы болып В.П. Коншу тағайындалды. 

 Өзінің білім деңгейімен үнемі жұмыс жүргізе отырып, КСРО Ташкент Жоғары мектебінің сыртқы бөліміне оқуға түсіп, 1985 жылы аяқтайды. 

 1987 жылы ШҚО ІІД ӨКБ бастығы болып тағайындалып, өзін шаруақор, өрт күзетінің болашақ перспективасын көре алатындығын көрсетті.

 Оның басшылығымен өрт депосы бар  № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімімен облыстың Өртке қарсы қызмет басқармасы салынды.

 Өрттен құтқару қолданбалы спорты бойынша белсенді насихатшы және спортшы. КСРО-дағы және республикадағы ӨҚҚС бойынша жарыстарда бірнеше дүркін жүлдегер және жеңімпаз аанып, КСРО - ның спорт шебері атағына ие болды.

 В.П. Коншудың басшылығымен жабық оқу-жаттығу кешені, кәсіби даярлық мектебі, өрт-техникалық орталық құрылысы салынды. Гарнизонның барлық өрт сөндіру бөлімшелеріне күрделі жұмыс жүргізілді. Республика бойынша бірінші болып гарнизон әскерилендірілген болды. 

 2002 жылы Күштер мен құралдарды орталықтан басқару базасында «051» құтқару бірыңғай диспетчерлік қызметі құрылды. Бұл тағы да облыс өрт сөндірушілерінің техникалық жабдықталуы мен жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейін растайды. 

 В.П. Коншу жұмыс атқарған кезінде Шығыс Қазақстан облысының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі өзінің бағынысында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша мамандандырылған жасағы, әуе бөлімшесі, өрт сөндіру кеме қатынасы, автоматтандырылған басқару жүйесі бола тұрып, Қазақстан Республикасы өртке қарсы қызметі жүйесінде жетекші орын алатын.   Ұзақ жылғы және мінсіз қызметі үшін В.П. Коншу ҚР ІІМ грамотасымен, 2-ші және 3-ші дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталды. 1997 жылы ірі масштабты орман өрттерін сөндіру барысында көрсеткен ерлігі және батылдығы үшін ҚР Президенті жоғары үкімет наградасымен – 2-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.