Владимир Побрус - өрт сөндіруші

Владимир Побрус 1956 жылғы 19 мамырда дүниеге келді. Ішкі қызмет полковнигі. КСРО ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесіне 1973 жылы түсіп 1976 жылы бітірді. Курсанттардың алғашқы жиынының түлегі. Училищені бітірген соң Шығыс Қазақстан облысы ІІБ өртке қарсы күзет бөліміне қызмет және даярлау инспекторы лауазымы  қызметіне  жіберілді.

1979 жылы өрт сөндіру штабына жұмысқа жіберіліп, ол жерде: тыл бастығы, өрт сөндіру басшысының аға көмекшісі, ӨСБ орынбасары болып    1997 жылға дейін жұмыс істеді.

Ірі өрттерді сөндіруді басқарды:  «Нефтегазмаш» АҚ  литейный цехында,ДВП зауытындағы Өскемен орман биржасында, Ново-Усть-Каменогорск станциясында теміржол вагондарындағы бензин мен жарылу қаупі бар жүктерді, Үлбі металлургия зауытында берилий өндірісіндегі аварияны жойғаны үшін марапатталды.

Өрт сөндіру қызметіндегі батыл еңбегі үшін Владимир Юрьевич І - ІІ - ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «КСРО Қарулы күштеріне - 70 жыл» медальдарымен,  «КСРО ІІМ үздік қызметі үшін»,  «МӨСҚ үздігі» белгілерімен марапатталды. Сонымен қатар, Үлбі металлургия зауытында берилий өндірісіндегі апатты жою кезінде жетекшілік еткені үшін 1990 жылы «Жеке ерлігі үшін» КСРО орденімен марапатталды.