Тарнаруцкая Яна –  эстрадалық би ұжымының жетекшісі.

Яна  Витальевна  1975 жылы дүниеге келіп, 2010 жылы Челябинск мемелекеттік педагогикалық  университетін тәмамдаған. 2001 жылы ұжым шешімімен «Танцевальная графика» эстрадалық би тобының  жетекшісі болып сайланады. 1998 жылы ұжым «Ұлттық» деген атқа ие болады. Жетіқара  ауданының ешбір іс-шарасы бұл би тобының қатысуынсыз өтпейді. Ұжымның репертуарында 60-тан астам ұлттық және эстрадалық билер бар. Бүгінде «Танцевальная графика» ұжымында 70-тен астам әр түрлі жастағы  адамдар бимен айналысады. 2011 жылы мәдениет  күнінде  Астана қаласында ұжым Қостанай облысының атынан өнер көрсетті. «Танцевальная графика»  би ұжымына жетекшілік етумен қатар, Жетіқара ауданының  мәдениет және тілді дамыту бөлімінде қызмет атқарады.

Марапаттар:

-2010 жылы би ұжымынң жетекшісі ретінде  АҚ «Қостанай минералдары» ұсынған   «Алтын канат» сыйлығының иегері.

- Қостанай облысының әкімдігінен бірнеше мадақтамалар табыс етілді.

-2016 жылы облыстық «Қазына» сыйлығының иегері.