Талбидин Зәкірхан Раманқұлұлы өз жұмысына ұқыпты, жауапкершілікпен қарайды.  Жұмыста ұйымдастыру қабілетін көрсете білген басшы. Мәселені терең зерттеп, әділетті шешеді. Қызметтестері алдында беделді, білім саласының білгір маманы. Өзінің кәсіби білімін көтерумен үзбей шұғылданып келеді.

2007 жылы Норвегия қаласында кәсіптік білім беру ұйымдары және білім мекемелері басшыларының менеджмент және оқу үрдісін ұйымдастырудағы біліктілігін, 2012 жылы Сингапурда НТИ тәжірибесімен кәсіптік техникалық білімнің даму жолын меңгеру курсы бойынша біліктілігін арттырды.         Қазіргі таңда колледжде ауылшаруашылығы, техникалық және қызмет көрсету саласында 10 мамандық 700 студент білім алуда. Колледждегі инженер – педагогтар құрамы 76 адам, оның ішінде өндірістік оқыту шебері 32,  44-оқытушылар, жоғары және бірінші санатты инженер педагогтар үлесі жалпы педагогикалық құрамның 44 пайызын құрайды. Жалпы материалдық база күрделі жөндеуден өткен.

Зәкір Талбидин Раманқұлұлы басқарған жылдары колледж көптеген жетістіктерге жетті. Мәселен, облыстық өнер фестивалінде колледж 2013 жылдан бері «Үздіксіз жеңімпаз» атанып келеді. Сондай-ақ «Өнерлі ұстаз» облыстық байқауында колледж ұстаздары жыл сайын жүлделі 1-ші орын мен бас жүлдені жеңіп алады. Білім ұжымының ең үлкен жетістіктерінің бірі –   2016 жылы облыс орталығында аймақтық «Worldskills Kazakhstan-2016» чемпионатында колледж 6 құзіреттілік бойынша қатысты. Таудай талабының арқасында «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Сейдулла Олжас 2-орынды, «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша Таубай Жанарыс 1-орынды иеленіп, колледж абыройын асқақтатып, Республикалық «Worldskills Kazakhstan-2016» чемпионатына қатысуға жолдама алды. 2016 жылдың қыркүйек айында Жанарыс Республикалық «Worldskills Kazakhstan-2016» чемпионатына Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Таубай Жанарыс Туркия елінде 5 жыл тегін білім алуға жолдама алды.

2017 жылы наурыз айында өткен аймақтық «Worldskills Kazakhstan-2017» чемпионатында колледж 8 құзыреттік бойынша қатысып, студенттері өз мамандықтырының білімді де, білікті маманы екенін дәлелдеді. Аймақтық чемпионатта Таубай Жанарыс«Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзіреттілігі бойынша 1-орынды, «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша Сейдулла Олжас 1-орынды, «Плитка жапсыру» саласы бойынша Рүстем Жандос 2- ші орынды иеленді. Мамыр айында облыстың атынан Таубай Жанарыс пен Сейдулла Олжас Республикалық «Worldskills Kazakhstan-2017» Ұлттық чемпионатына қатысып, алған білімдерін жоғары дәрежеде  көрсете білді. Республикалық чемпионатта Таубай Жанарыс 2 – ші орын, Сейдулла Олжас 2-ші орынды иеленді.

Зәкір Раманқұлұлы 1999-2003 жылдар аралығында ОҚО мәслихаты депутаты болса, 2003 жылдан бүгінгі күнге дейін Шардара аудандық мәслихатының депутаты. Бүгін де аудандағы бюджет төрағасы. Осы депутаттық мандат арқылы халықтың мұң-мұқтажын, талап-тілегін, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысты. Ауданның экономикасын көтеруге қосқан үлесі үшін, қоғамға сіңірген қажырлы еңбегі және білім саласында қол жеткізген табыстары мен ерен еңбегі үшін 2005 жылы «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» медалімен, 2006 жылы ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» медалімен, 2010 жылы «Сауап» медалімен, 2011 жылы «ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» медалімен, 2012 жылы Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен», ОҚО әкімінің, облыстық мәслихаттың, облыстық «НұрОтан» партиясының, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, «ҚР Мәслихатының 20 жылдығы» төсбелгісімен марапатталды. 2008, 2011 жылдардың қорытындысы бойынша ауданның «Жыл адамы» номинациясына ие болды. Шардара ауданының «Құрметті азаматы».