Зауре Нұртайқызы – ұлағатты ұстаз, «Майталман ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды.

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дегендей, 2016 жылы Зауре Нұртайқызы №1 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияда сабақ берген 11 «а» сынып оқушысы Мырзбаева Аружан есімді оқушысы математика пәнінен өте жақсы баға алып, «Алтын белгі» иегері болды.

Зауре Нұртайқызы 2009 жылы қалалық «Майталман ұстаз» байқауының жеңімпазы атанды. 2011 жылы тағы бір оқушысы  физика олимпиадасында І орын иеленді. 2012 жылы Бақыт Арай есімді оқушысы пәндік олимпиадада І орын алды. 2013 жылы Жұбатқан Фариза атты оқушысы да пәндік олимпиадада жеңіс тұғырынан көрінді.