Жақан Құралбаев – жеке кәсіпкер

Жақан қаншалық табысты болса, соншалық қайырымдылық жасауды ұмытқан емес. Ол әр жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек көрсетіп, демеушілік жасап келеді.

Ол 1979 жылдың 10-ақпанында Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген.

Жақан Асанұлының еңбегі елеусіз қалмай, аудан, қала әкімдері арнайы  «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Шардара ауданының белсендісі, қоғамдық жұмыстарға білек сыбана ат салысып келеді. Шардара ауданын  көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарына да өлшеусіз үлес қосып, қалалық, аудандық іс-шараларды ұйымдастыруда да еңбегі көп.

Жақан Құралбаевтың жасап жүрген жақсылығы расымен де көпке үлгі боларлықтай. Ол «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген ұстаныммен өмір сүреді.