Мұхамеджанов Жақан Жолымбетұлы -«Нар Дилер» ЖШС директорының кеңесшісі

Кеншілер әулетінен шыққан. 1985 жылы Қарағанды политехникалық институтын бітірген, тау-кен инженері. 1985 жылдан бастап – «Қарағандыкөмір» өнеркәсіп бірлестігіндегі «Киров» шахтасының тау-кен шебері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі бас инженердің орынбасары. 1995 ж. – бас инженер; 2000 ж. – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Абай» шахтасының директоры (Қарағанды облысы, Абай қаласы); 2007-2008 жж. – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің күрделі құрылыс жөніндегі директоры, көмір байыту және сапа директоры, техникалық директоры. 2008-2015 жж. – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің директоры.

Қазіргі таңда «Нар Дилер» ЖШС директорының кеңесшісі. Ж.Ж. Мұхамеджановтың жеке бастамасы бойынша шахтада «Еңбек даңқы мұражайы» ашылды. Қарағанды облыстық мәслихатының V және VI шақырылымдарының депутаты. Бюджет және қаржы жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.